«Асыл бөбек «арнайы балабақшасы» КМҚК-да 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: 2025 жылы барлығы 66 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:1. «Индиго» АЖ арқылы мектепке дейінгі ұйымға балаларды қабылдауға құжаттарды қабылдау — 53.2. «Ұстаз» АЖ арқылы педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау — 6.3. Бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтардың құжаттарын қабылдау — 7.Ұйымда … Read More ««Асыл бөбек»арнайы балабақшасы» КМҚК 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау туралы ақпарат» »
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Б. Жақселекова
2026 жылғы 20 ақпанда «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» КМҚК базасында «Сөйлейтін орта-баланың үні…» атты қалалық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сөйлеу тілін белсенді дамытуға жағдай жасау, қарым-қатынасқа, бастамашылдыққа және өз ойын, сезімін еркін жеткізуге ынталандыратын ортаны қалыптастыру.
Практикалық бөлім барысында педагогтер «сөйлейтін ортаны» ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін және білім беру үдерісінде баланың үнін қолдау жолдарын талқылады.
Осыған байланысты 2024 жылғы 21 мамырдан бастап Ақсу қаласы өзара іс-қимылдың жаңа режиміне көшуді бастайды. 2024 жылғы 21 мамыр сағат 9.00-ден бастап техникалық жұмыстар аяқталғанға дейін INDIGO жүйесінде мемлекеттік қызметтердің жұмысы тоқтатылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Бір кезектілік» сервисін іске қосуға қатысты ақпаратын түсіністікпен қарауды, сондай-ақ зерделеуді сұраймыз.
