Skip to content
"Асыл бөбек" арнайы балабақшасы

"Асыл бөбек" арнайы балабақшасы

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Біз туралы
    • Балабақша құрылымы
  • Байланыс
  • Русский

Аттестаттау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

Аттестация құжаттары, Әдістемелік жұмыс

Балабақша әдіскері 2025 жылғы 08 қазанда педагог қызметкерлерді аттестаттау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әңгімелесу барысында педагогтер аттестаттаудан өту қағидаларымен, кезеңдерімен және тәртібімен таныстырды, құжаттарды дайындауға қойылатын талаптар және кәсіби қызметті бағалау критерийлері түсіндірілді.

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Аттестация құжаттары, Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 ақпанда № 35751 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі

Г. Бейсембаев

Балабақша жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Бос орындар
  • Педагогтарды аттестаттау
  • Кеңес беру пункті
  • Балабақша психологы
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Іс-шаралар

Copyright © 2026 "Асыл бөбек" арнайы балабақшасы.