Skip to content
"Асыл бөбек" арнайы балабақшасы

"Асыл бөбек" арнайы балабақшасы

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Біз туралы
    • Балабақша құрылымы
  • Байланыс
  • Русский

«Асыл бөбек»арнайы балабақшасы» КМҚК 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау туралы ақпарат

«Асыл бөбек»арнайы балабақшасы» КМҚК 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау туралы ақпарат
Жаңалықтар, Мемлекеттік қызметтер

«Асыл бөбек «арнайы балабақшасы» КМҚК-да 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: 2025 жылы барлығы 66 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:1. «Индиго» АЖ арқылы мектепке дейінгі ұйымға балаларды қабылдауға құжаттарды қабылдау — 53.2. «Ұстаз» АЖ арқылы педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау — 6.3. Бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтардың құжаттарын қабылдау — 7.Ұйымда … Read More ««Асыл бөбек»арнайы балабақшасы» КМҚК 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау туралы ақпарат» »

Мемлекеттің қызмет көрсету кестесі

Мемлекеттік қызметтер

«Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 31 мамырдағы № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 мамырда № 34433 болып тіркелді.

Жаңалықтар, Мемлекеттік қызметтер

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Б. Жақселекова

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Аттестация құжаттары, Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 ақпанда № 35751 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі

Г. Бейсембаев

Балабақша жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Бос орындар
  • Педагогтарды аттестаттау
  • Кеңес беру пункті
  • Балабақша психологы
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Іс-шаралар

Copyright © 2026 "Асыл бөбек" арнайы балабақшасы.