«Асыл бөбек «арнайы балабақшасы» КМҚК-да 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
- балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға құжаттарды қабылдау,
- педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау,
- бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау.
Мемлекеттік қызметтердің барлық түрлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген стандарттар бар.
2025 жылы барлығы 66 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
1. «Индиго» АЖ арқылы мектепке дейінгі ұйымға балаларды қабылдауға құжаттарды қабылдау — 53.
2. «Ұстаз» АЖ арқылы педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау — 6.
3. Бос немесе уақытша бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтардың құжаттарын қабылдау — 7.
Ұйымда мемлекеттік қызметтер көрсету белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы және қызмет алушылар тарапынан негізделген шағымдар тіркелмеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат:
- мекеменің ақпараттық стендінде;
- балабақшаның ресми сайтында;
- азаматтар жеке жүгінген кезде беріледі.
Ақпараттық жүйелер арқылы құжаттарды беру мәселелері бойынша ата-аналар мен педагогтарға кеңес беру жүргізіледі.
Басшы: Л.Сулейменова
