«Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» КМҚК-да мемлекеттік қызметтер «Индиго» және «Ұстаз» ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта көрсетіледі. Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаты 320 орынды құрайды. Есептік кезеңде тәрбиеленушілердің нақты саны 82 бала. 1. Балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызмет «Индиго» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі. Есепті кезеңде: қабылданған өтініштер — 53; қабылданған балалар — … Read More ««Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» КМҚК мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2025 жылға есебі» »
Балабақша әдіскері 2025 жылғы 08 қазанда педагог қызметкерлерді аттестаттау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әңгімелесу барысында педагогтер аттестаттаудан өту қағидаларымен, кезеңдерімен және тәртібімен таныстырды, құжаттарды дайындауға қойылатын талаптар және кәсіби қызметті бағалау критерийлері түсіндірілді.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Б. Жақселекова
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 ақпанда № 35751 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев
2026 жылғы 20 ақпанда «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» КМҚК базасында «Сөйлейтін орта-баланың үні…» атты қалалық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сөйлеу тілін белсенді дамытуға жағдай жасау, қарым-қатынасқа, бастамашылдыққа және өз ойын, сезімін еркін жеткізуге ынталандыратын ортаны қалыптастыру.
Практикалық бөлім барысында педагогтер «сөйлейтін ортаны» ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін және білім беру үдерісінде баланың үнін қолдау жолдарын талқылады.
Осыған байланысты 2024 жылғы 21 мамырдан бастап Ақсу қаласы өзара іс-қимылдың жаңа режиміне көшуді бастайды. 2024 жылғы 21 мамыр сағат 9.00-ден бастап техникалық жұмыстар аяқталғанға дейін INDIGO жүйесінде мемлекеттік қызметтердің жұмысы тоқтатылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Бір кезектілік» сервисін іске қосуға қатысты ақпаратын түсіністікпен қарауды, сондай-ақ зерделеуді сұраймыз.
